Жаңалықтар

Бейсембаев 25 мамырды қайтарудың тиімсіз тұстарын айтты

Бейсембаев 25 мамырды қайтарудың тиімсіз тұстарын айтты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 25 мамырды қайтарудың тиімсіз тұстарын айтты, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ол Үкіметтің кулуарында бөлісті. Оның айтуынша, соңғы қоңырау күнін 25 мамырға қайтару тиімсіз.
"Бұл мәселе бойынша, бірінші кезекте, мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені біз бірден 25 мамырды қайтара алмаймыз. Бұл - нақты мемлекеттік стандарттың бағдарламасы. Оны бірден қалпына келтірсек, ол басқа да өзгерістерге әкеледі. Мәселен, 6 күндік оқу жоспарына және оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе жай ғана қайтара салатын дүние емес. Бастысы, дұрыс сараптамадан өтуі керек", - деді Ғани Бейсембаев.