Депутат әскерге бармаған жігіттерді шетелге шығармауды ұсынды
Депутат әскерге бармаған жігіттерді шетелге шығармауды ұсынды
Қырғызстандық депутат Надира Нарматова әскерге бармаған жігіттерді шекарадан өткізбеуді ұсынды. Бұл тураы депутат Жогорку Кенеш отырысында айтқан, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Депутаттың сөзінше, жастар шетелге шығып, түрлі қиындыққа тап болады.
"Олар кем дегенде әскери қызмет өткерсін, баратын елдің заңнамасын білсін, өз қауіпсіздігі туралы ойлансын. Содан кейбір қыздар 18 жасқа толмай шетелге кетіп жатыр", - дейді депутат.Айта кетейік, басылым мәліметінше, бұған дейін Надира Нарматова 23 жасқа толмаған қырғызстандық қыздарға шетелге шығуға тыйым салуды ұсынған болатын.