Жаңалықтар

Оқушыға тиіскен 53 жастағы мұғалімге қатысты тергеу басталды

Оқушыға тиіскен 53 жастағы мұғалімге қатысты тергеу басталды

Оқу-ағарту министрі Алматы облысындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі тарапынан кәмелетке толмағандарды зорламақ болған әрекеті туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Ғани Бейсембаев 53 жастағы дене шынықтыру мұғалімінің 14 жастағы оқушыны зорламақ болған әрекеті бойынша тергеу қалай жүріп жатқандығын айтты. Ол тергеу оның ерекше бақылауында екенін, оны ЖП Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова қадағалайтынын айтты.
"Бұл жағдай күн сайын бақыланады. Осы факт анықталған сәттен мұғалім жұмыстан шеттетілді, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Бұл іс ІІМ бақылауында. Ол тіркелген, бұл қылмыстық іс", – деді балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова.