Мектеп директоры сабақ өтпесе де, айлық алып келген
Мектеп директоры сабақ өтпесе де, айлық алып келген
Астанадағы №49 мектептің директоры жоспарлы сабақтарын өтпей, жалақы алып отырған, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министіріне видеоүндеу пайда болды. Бейнежазбада елордалық №49 мектептің оқушылары бүкіл оқу жылы бойынша бекітілген кейбір пәндердің сабақтары мүлде өтпегенін айтып шағымданды.
"2022-2023 оқу жылында "Абайтану", "Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы" және "Жаһандық құзыреттілік" сияқты факультативтік пәндерді оқуымыз керек еді. Өкінішке қарай, бұл пәндер биылғы қыркүйек айынан бастап, мамыр айының соңына дейін өткізілмеді. Себебі бұл пәндерді мектебіміздің директоры Мұхамеджанова Арай Әукенқызы оқытуы керек еді. Мектебіміздің директоры жыл бойы осы сабақтар үшін жалақы алды, бірақ сабақтар болған жоқ", – дейді оқушылар.Астана қаласының Білім басқармасы бұл факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізетін арнайы комиссия құрылып жатқанын хабарлады. Оның қорытындысы бойынша заң аясында шешім қабылданады