Әлем чемпионы пластикалық отадан кейін қайтыс болды
Әлем чемпионы пластикалық отадан кейін қайтыс болды
Өзбекстанда семсерлесуден әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі төреші Аида Хасанова пластикалық операциядан кейін көз жұмды, деп хабарлайды taulik.kz Kun.uz басылымына сілтеме жасап.
39 жастағы спортшының денсаулығы 23 мамырда нашарлаған. Кейін дәрігерлердің шешімімен басқа ауруханаға ауыстырылып, кешке қарай жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Прокуратура тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Аида Хасанова 1983 жылы Ташкентте дүниеге келген. Бірнеше дүркін Өзбекстан чемпионы, 2001-2006 жылдары Орталық Азия чемпионы, 2005 жылы Англияда халықаралық турнирдің алтын медаль жүлдегері атанған. 2014 жылы Өзбекстан тарихында алғаш болып семсерлесуден халықаралық төреші атанған.