Жаңалықтар

Елімізде 38 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде 38 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 27-29 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ауа райына әсер етеді, жаңбыр жауып найзағай ойнайды, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ, республиканың оңтүстігінде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте құмды дауыл соғады.
"Қазақстанда тәуліктік ауа температурасы жоғарлайды: батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, солтүстікте +20-30 градусқа дейін, орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, таулы аймақтарда +10-15 градус, шығыста негізгі фон + 23-28 градус", - делінген хабарламада.