Жаңалықтар

Жетісу облысында ер адам 100 келіге жуық балықты заңсыз аулаған

Жетісу облысында ер адам 100 келіге жуық балықты заңсыз аулаған

Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылы маңында тәртіп сақшылары жүргізген іс-шара кезінде  63 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі болды, тәркіленген балық мемлекетке өткізу үшін қабылдау пунктіне тапсырылды. Келтірілген шығын шамамен 400 мың теңге болды», – дейді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.  
Аталаған іс «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» фактісі бойынша тексерілуде.