Жаңалықтар

Данияр Орманғали Татарстандағы марафонда жүлдегер атанды

Данияр Орманғали Татарстандағы марафонда жүлдегер атанды

Татарстан астанасында Қазан марафоны өтті, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 9 мыңға жуық қатысушы жиналды, деп хабарлайды Taulik.kz. Негізгі қашықтықтың маршруты жүгіру кезінде қаланың барлық негізгі көрікті жерлерін көруге болатындай етіп жасалған. Марафондағы 9 мыңға жуық қатысушы арасынан ел намысын қорғап, 42,2 шақырым жүгіріп, нәтижесінде жүлделі 1-орынды қазақстандық Данияр Орманғали еншіледі. Сондай-ақ өзге елдің спортшылары да жақсы нәтиже көрсетті: 42,2 км - Данияр Орманғали (2:25:53) және Вероника Важник (2:47:31) 21,1 км - Алексей Полтанов (1:08:2 9) және Марина Смирнова (1:18:32) 10 км - Ярослав Бякин (31:28) және Анна Бойнова (35:43).