Жаңалықтар

Бұзау іздеуге шығып, суға батып кеткен баланың денесі табылды

Бұзау іздеуге шығып, суға батып кеткен баланың денесі табылды

Кеше Ырғыз ауданының Құрылыс ауылында екі бала суға батып кетіп, бірінің денесі екі сағат ішінде табылды. Ал екіншісін сүңгуірлер 5 метр тереңдіктен алып шықты, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«28 мамыр күні сағат 01:25-те ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері тереңдігі 5 метр және жағадан 6 метр қашықтықта 12 жастағы ер баланың денесін судан шығарды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, оқиға Ырғыз өзенінің Құрылыс ауылымаңында болды. 12 жастағы екі бала бұзау іздеуге шығып, оралмаған. Олардың жанында болған 13 жастағы бала бірінің суға құлағанын, ал екіншісін көрмегенін айтқан. Арада екі сағат өткенде жергілікті тұрғын бір баланың денесін шығарды. Ал екіншісін табу қиынға соқты. Олар - Бәймен Алманов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары.