Қаңтар оқиғасында полицейлердің 23 азаматты үтікпен азаптағаны дәлелденді
Қаңтар оқиғасында полицейлердің 23 азаматты үтікпен азаптағаны дәлелденді
Қаңтарда Талдықорған полиция қызметкерлерінің 23 азаматты үтікпен азаптағаны белгілі болды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп жазады Taulik.kz сайты.
«Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді», - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды.