Биыл жаңадан 9 әуе рейсі ашылады
Биыл жаңадан 9 әуе рейсі ашылады
Жыл соңына дейін жаңадан 9 халықаралық әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айутынша, халықаралық жолаушылар авиатасымалын дамыту үшін 2017 жылдан бастап Open Sky режимі енгізілді. Нәтижесінде жыл сайын жаңадан халықаралық маршруттар ашылып жатыр.
Бүгінде 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалды 3 отандық, 26 шетелдік әуе компаниясы орындайды. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен жоғары, - деді министр Үкімет отырысында.2023 жылы 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, оның тоғызы ашылған. Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашылады.