Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты
Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты
Павлодар облысында Lexus пен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты. Көліктер автотұраққа қойылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Azattyq.ruhy жазуынша, 28 мамыр күні сағат 23:20-да 33 км. Ленин - Курчатов тас жолында, Еңбек ауылының маңында Lexus RX-330 көлігі қарсы келе жатқан КамАЗ-5410 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lexus RX-330 қарсы жолақ арқылы шұңқырға аударылып кеткен.
«Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп департаментте.Айта кетейік, осы жылы полиция қызметкерлері көлік жүргізушілердің мас күйінде көлік жүргізген 459 оқиғаның жолын кескен. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.