Ресейге Қазақстан арқылы дрон жеткізілуі: қайталама санкциялар қаупі бар ма?
Ресейге Қазақстан арқылы дрон жеткізілуі: қайталама санкциялар қаупі бар ма?
Қазақстан билігі Ресейге тыйым салынған тауарлардың экспорттау дерегін әлі анықтаған жоқ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бұған дейін БАҚ беттерінде Қазақстандық компания салынған санцияларды айланып өтіп, Ресейге чиптер мен дрондар тасымалдап жатыр деген ақпарат тараған болатын.
«Мен қазір қандай компания туралы айтып отырғаныңызды білмеймін. Бірақ, қазір бізде тәуекелдерді басқарудың нақты жүйесі бар. Біз қайталама санкцияларға жол бермейміз. Оның ішінде соғыс қимылдарын ушықтыратын тауар түрлері де бар. Цифрларды қараңыз, онда миллиардтаған доллар жоқ, мүмкін бірнеше миллион долларға экспорттық операциялар болған шығар, бірақ біз тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы бұған жол бермейміз және бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған компаниялардың тыйым салынған тауарларды экспорттау дерегін әлі анықтаған жоқпыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін “Важные истории” басылымы Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығымен (OCCRP) және Der Spiegel неміс журналымен бірлесіп, Ресейдің Украинадағы соғысқа қажетті чиптер мен дрондарды Қазақстан арқылы алуына қатысты зерттеу жариялады.
Ulysmedia.kz жазуынша, өткен аптада осы жаңалыққа қатысты пікір білдірген Жамаубаев тыйым салынған тауарлар анықталса, қажетті шараларды қабылданатынын айтқан.