Жеңілдікпен дизель алуға онлайн өтінім 31 мамырға дейін қабылданады

30 мамыр, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Жеңілдікпен дизель алуға онлайн өтінім 31 мамырға дейін қабылданады

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдікті дизель отынын алуға электрондық өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

«Бүгінгі таңда қазақстандық фермерлер 342,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына 24 мыңнан астам өтінім берді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, сәуір айында бекітілген ережелерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті ЖЖМ бөлу gosagro.kz модулінің базасында электрондық форматта жүргізіледі. Өтінімдердің барлығын оның ішінде егін жинау жұмыстарына да жүйеде ЭЦҚ көмегімен беру қажет.