Түркістан облысында тауда турист құтқарылды
Түркістан облысында тауда турист құтқарылды
Түркістан облысында 29 мамыр күні түнде тау арасынан турист құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайдар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Azattyq.ruhy жазуынша, 29 мамырда шамамен 23.00-де құтқару қызметіне Түлкібас ауданы Қожаберді ауылының оңтүстік беткейінде турист таулы аймақта өз тобынан қалып қойып, адасып кеткені туралы хабар берген.
«Түркістан облысы құтқару бөлімшесі 29 мамырда түнгі сағат 01.00-де 1987 жылғы ер азаматты тауып алып қауіпсіз жерге шығарды. Туристке медициналық көмек қажет болған жоқ. Түркістан облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді», - делінген хабарламада.