Қостанайда жасөспірім волейбол алаңында басын кесіп алған
Қостанайда жасөспірім волейбол алаңында басын кесіп алған
Қостанай қаласының тұрғындары волейбол алаңының жағдайына наразылық білдірді. 29 мамырда "Аэропорт" ықшамауданындағы №5 үйден алыс емес жерде 17 жастағы жасөспірім волейбол алаңында тозығы жеткен металдарға басын кесіп алған, деп хабарлайды taulik.kz Костанайские новости порталына сілтеме жасап.
Жеткіншектің туыстары сервистік компанияға жүгініп, торды біраз уақытқа жинап тастаған. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері де барып, оқиғаның деректерін жазып алған. Жергілікті тұрғындар ойын алаңының басқа балалар зардап шеккенге дейін уақытша жабылғанын қалайды.