Жаңалықтар

Ресейліктердің Украинаға кіруіне 50 жылға тыйым салынуы мүмкін

Ресейліктердің Украинаға кіруіне 50 жылға тыйым салынуы мүмкін

23 мамырда ресейліктердің Украинаға кіруіне 50 жылға тыйым салу туралы петиция жарияланып, оған 25 мыңнан астам адам қол қойды. Петиция Украина президенті кеңсесінің сайтында тіркелді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

«Украина 8 жылдан бері Ресейдің біздің ел аумағында бастаған соғысынан зардап шегіп келеді. Өкінішке орай осы 8 жыл ішінде билік Украинаны Ресеймен арадағы визасыз режимнің кесірінен осы уақытқа дейін елімізге ағылған диверсанттардан, агенттерден қорғай алмады. Нәтижесінде мыңдаған адамның тағдыры аяқ астына тапталды. Қауіпсіздік мақсатында барлық ресейліктердің Украинаға кіруін 50 жылға тыйым салып, Ресей-Украина соғысында Украина жағында соғысқандардан басқа ресейліктерге Украинада тұруға рұқсат бермеуді ұсынамыз», – делінген петиция мәтінінде.