Н.Ә.Назарбаевты көпшілік алдында қорлағандар жазаға тартыла ма?
Н.Ә.Назарбаевты көпшілік алдында қорлағандар жазаға тартыла ма?
Тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлағандар қылмыстық жазаға тартылмауы мүмкін, деп хабарлайды taulik.kz Халық Үніне сілтеме жасап.
Қылмыстық кодекстен ҚР тұңғыш президентін көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), тұңғыш президентке қол сұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін баптар алынып тасталуы мүмкін.
Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, қазір заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.