Жаңалықтар

Ертең 43 градус ыстық болады

Ертең 43 градус ыстық болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге болжам жасап, еліміздің бірқатар өңірінде күннің өте ыстық болатынын хабарлады, деп жазады Taulik.kz. 1-3 маусым аралығында ел аумағында күн қатты ысып, өрт шығу қауіпі барын айтты. Синоптиктер тек еліміздің батыс өңірі мен солтүстік-шығыстағы облыстарда жауын-шашын болатынын болжап отыр. Ал басқа жерлерде күн қатты ысып, 43 градусқа дейін баруы мүмкін.
Мысалы, солтүстік-батыс жақта, солтүстік аймақтарда күннің қызуы +36+41°С көрсетсе, Шығыс Қазақстан облысында +28+33°С, орталық өңірде +30+39°С, оңтүстікте +37+43°С, ал оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін көтерілуі болжанған.