Жаңалықтар

Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағашпен жабылған септикке құлады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша «Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.