Жаңалықтар

Астанада жолаушы әйел такси жүргізушісін тонап кеткен

Астанада жолаушы әйел такси жүргізушісін тонап кеткен

Астанада 37 жастағы әйел такси жүргізушісін тонап кетті. Бұл туралы Taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Полицияның мәліметінше, такси жүргізушісі көлігінен iPhone 11 телефоны жоғалғанын айтып полицияға шағымданды. Такси жүргізушісі әйелді көрсетілген мекенжайға жеткізгеннен кейін қымбат смартфонның жоғалғанын анықтаған. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
"Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел өз кінәсін мойындады, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Балтабек.