Жаңалықтар

Қостанайда полицей өзенге секірген қызды құтқарды

Қостанайда полицей өзенге секірген қызды құтқарды

Қостанайда Тобыл өзеніне секіріп, өз-өзіне қол салмақ болған 18 жастағы қызды полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды taulik.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 18 жастағы бойжеткен Қостанайдағы Тобыл өзенінің ортасына секіріп кеткен. Қызды жергілікті тұрғындар байқап қалып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жеткен екі патрульдік қызметкер қызды өзеннен алып шықты.
"Біз бірден көпірге жеттік, қыз суда болды, мен ойланбастан суға секірдім, серіктесім мені жағада сақтандырып тұрды. Қыз тереңде болмады, сондықтан мен оны тез жағаға шығарып, жедел жәрдемге тапсырдым", – дейді полиция қызметкері Мақсат Батыржан.