Жаңалықтар

ҚР Экология министрлігінің аппарат басшысы қызметінен кетті

ҚР Экология министрлігінің аппарат басшысы қызметінен кетті

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ғалымжан Жандосұлы Жанқуатов ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ғалымжан Жанқуатов 1982 жылы Алматы қаласында туған. Семейдегі «Қайнар» университетінің филиалын тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы «Катран» шаруа қожалығының іс жүргізушісі болып бастаған. 2004-2006 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеген. 2006-2010 жылдары – ҚР республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің заң бөлімінің бас сарапшысы, консультант-мемлекеттік ревизор. 2010-2011 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің бас консультанты. 2011-2014 – Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментінің Мемлекеттік сатып алу басқарма басшысы, Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң департаментінің директоры. 2014-2015 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымында жұмыс істеген. 2015-2017 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің бас консультанты. 2017-2019 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директоры. 2019-2020 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары, директоры. 2020-2021 – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің бас инспекторы. 2023 жылдың қаңтар айынан ақпанға дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі кеңесшісі қызметін атқарды. 2023 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы лауазымында болды.