Экономика министрі қай сала қызметкерлерінің жалақысы артатынын айтты
Экономика министрі қай сала қызметкерлерінің жалақысы артатынын айтты
Елімізде бірнеше саладағы мамандардың жалақысын арттыру кезеңдеп басталды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» атты кешенді жоспарын мәжілісте талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Бюджеттен жалақыны арттыру бойынша міндеттемелер. Осының аясында азаматтық қызметкерлердің, коммуналдық қызметкерлердің, өндірістік персоналдың жалақысын тікелей ұлғайту жоспарланып отыр.Үкімет 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыруды бастады. 4 жыл ішінде ол 2 есеге ұлғаяды. Қазір бюджет саласындағы 1,1 млн-нан аса қызметкердің жалақысын 30%-ға дейін атап айтқанда, дәрігерлердің, педагогтар мен мұғалімдерге, орталық медициналық персонал 20%-ға, басқа санаттағы қызметкерлерге жалақы 20%-ға ұлғайтылды», - деді Қуантыров.Сондай-ақ министр «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өндірістік персоналдың 237 мыңға жуық қызметкердің еңбекақы алшақтығын 48%-ға, ірі кәсіпорындарда 10%-дан 37%-ға дейін қысқарту сияқты шаралар қабылданатынын айтты.
«2023 жылы 6 мың дәрігер мен орта медициналық персоналдың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің орташа жалақысы ұлғайтылады. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен кезең-кезеңмен 20%-ға ұлғайту басталды. Коммуналдық қызмет жұмысшыларының жалақысын өңірлер бойынша орташа салалық деңгейде орта есеппен 50%-ға жуық арттыру үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды. Бұл шамамен 200 мың жұмысшының табысын арттыруға, сондай-ақ кадрлар айналымын азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлердің еңбекке ақы төлеудің жаңа теңгерімді жүйесіне көшіру бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді Әлібек Қуантыров.