Қамауда отырған Думан Мұхаметкәрім тағы аштық жариялады
Қамауда отырған Думан Мұхаметкәрім тағы аштық жариялады
Қайтадан тергеу изоляторына түскен журналист Думан Мұхаметкәрім тағы да аштық жариялады, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның аштық жариялағаны туралы серіктестері хабарлады. Олардың сөзінше, журналистің әкесі де ас-судан бас тартпақшы.
Еске салайық, Думан Мұхаметкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.