Нұрлан Нығматуллин мен егізі Ерлан Н-ның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Нұрлан Нығматуллин мен егізі Ерлан Н-ның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Парламент мәжілісінің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен егізі Ерлан Нығматулин қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде өтуде. Бұл жөнінде астаналық адвокат Мәулен Әлімбаев мәлімдеді.
– Бұл орталық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қарап жатқан қылмыстық істің негізгі мазмұны (фабуласы). Ол 2022 жылдың сәуір айында басталған. Бұл іс бойынша Сұлтанбеков жәбірленуші деп танылған. Іс демалыс айлағына байланысты. Мен бұл жөнінде толық айта алмаймын. Іс қаралуда. Арнайы тергеу тобы құрылды. Нығматулиндердің қатысы тексеріліп жатыр, – деді Әлімбаев.