Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматыдан қонақүй сатып алды
Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматыдан қонақүй сатып алды
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тергеуде жатқан жиені Қайрат Сатыбалды Алматының орталығындағы Double Tree by Hilton Almaty қонақүйін сатып алды, деп хабарлайды Taulik.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматының орталығындағы «Double Tree by Hilton Almaty» қонақүйі бір кездері кәсіпкер Шолпан Қаранеевадан рейдерлік жолмен тартып алынған қонақүй Қайрат Сатыбалдынының қолына түсіп үлгерді»,- дейді мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай.
Белгілі болғандай, бұл кезде Қайрат Сатыбалды түрмеде отырған болатын.
«Ал тергеуде және уақытша ұстау изоляторында болғанына қарамастан, ол құжаттарға қол қойып, қонақұйге қол жеткізді. 6 млрд теңгеге сатып алу-сату шарты жасалған»,- деп хабарлайды депутат.