Мәжіліс Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Шәріпхановтың кандидатурасымен келісті
Мәжіліс Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Шәріпхановтың кандидатурасымен келісті
Мәжіліс Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Шәріпхановтың кандидатурасымен келісті, деп хабарлайды Taulik.kz ҚР Парламент мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпхановтың кандидатурасы келісілді.
Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.