Жаңалықтар

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.   

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі  – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.  

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.