Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовқа қатысты сот үкімі шықты
Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовқа қатысты сот үкімі шықты
Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысты айыпталғандарға сот үкімі шықты.
Осы іске қатысты тек 217-бап («Пирамидалық схеманы құру және басқару») бойынша ғана кінәлі деп танылған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға сотталды. Олар ең төменгі қауіпсіздік режиміндегі колонияда жазасын өтейді.
Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік «Қаржы пирамидасын құру және басқару» және «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару» баптары бойынша кінәлі деп танылды.