Жаңалықтар

Сағынтаев басшылық қызметке тағайындалды

Сағынтаев басшылық қызметке тағайындалды

Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия сайты.

Сондай-ақ, жалпы жиналыстың жұмысы барысында қауымдастық президенті болып SLC-Rus негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды.

Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының - Еуразияның 26 ​​елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.