Пригожинде шанс жоқ – әскери сарапшы
Пригожинде шанс жоқ – әскери сарапшы
"Менің пайымдауымша серіктестері Пригожинді лақтырып кеткен сыңайлы. Шамасы бірнеше ай бойы дабыл қаққаны Путинге жетіп, тиісті шешім қабылданар деп үміттенген болуы керек. Бірақ Путинге ақпарат жетпеді немесе жетсе де әскерилер оны қаралап отырған болуы мүмкін. Ақыры авантюраға тәуекел етті. Пригожин Мәскеу әскери округінен, Кремль күзетіне жауапты дивизиялардан қолдау болмаса 25 мың әскермен Мәскеуге жете алмайтынын жақсы біледі. Сондықтан тәуекелге белгілі бір уәдеге сәйкес барды деп білемін. Әрі Кремль оны құрбандыққа шалатын шешім қабылдап, оны Пригожин білген болуы мүмкін. Ал оқиғаның ендігі өрбуі Пригожинге қосылатындар табыла ма, жоқ па соған байланысты болмақ. ФСБ оны айыптады. Дегенмен ІІМ мен ФСБ күштерінде оқиғаның өрбу жағдайына байланысты әрекет ету алгоритмі берілген офицерлер де болуы мүмкін. Пригожин күшейсе қосылады, әлсіресе үнсіз қалады. Бүлік аяқталған соң бір-бірін лақтырады олар. Дәл қазір Пригожин РДК мен "Азат Ресей легионының" белсенділігіне мұқтаж. Екі топ қосылмайды, бірақ бір-бірін кей тұстарда толықтыруы мүмкін. Түбі өзара атысады. Әзірге мүдделес. Өз басым бірер күнде вагнерліктерге біршама соққы берумен аяқталуы мүмкін деп ойлаймын. Онда да Ресей күштерін кімнің басқарғанына байланысты болады. Украина Пригожинді паналата қоймас. Оқиғалар күрт құбылып кетуі де мүмкін. Қысқасы Пригожинде шанс жоқ", - дейді әскери сарапшы.