Жаңалықтар

Жаңа Қазақстан депутаты Мәжілісте Назарбаев жүйесін сынады (ВИДЕО)

Жаңа Қазақстан депутаты Мәжілісте Назарбаев жүйесін сынады (ВИДЕО)

Бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Бас Прокурор Берік Асыловқа орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды иеліктен шығару мәселелері бойынша жолдаған депутаттық сауалында Н. Назарбаев жүйесін сынап, оны жемқорлыққа теңеді. Депутаты Бақытжан Базарбектің айтуынша, 30 жыл бойы жемқорлыққа батқан Назарбаев жүйесі кезінде көптеген жерлер жекеменшікке өтіп кеткен.
«Таулармен бірге, таулардың астындағы жерлердің де жекеменшікке өтіп кеткенін кім естіді?», - деген депутат мұндай жағдайдың да барын айтты.
Бақытжан Базарбек Алматы тауларының өзі және бөктеріндегі жерлердің біразы жекеменшікке өтіп кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=1DkpPWHVPxs