Геосаяси тұрғыдан алғанда астананың ауысуы дұрыс қадам болды – Тоқаев
Геосаяси тұрғыдан алғанда астананың ауысуы дұрыс қадам болды – Тоқаев
Астанада Қазақстан астанасының 25 жылдығына арналған бауырлас қалалар форумы өтуде. Шараның ашылуында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Taulik.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Биыл елордамыз айтулы дата – өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Осыдан ширек ғасыр бұрын елорда Алатаудың аппақ қарлы етегінен Сарыарқаның шексіз даласына көшірілді. Есіл жағасында жаңа қаланың іргетасы қаланды»- деп қосты Тоқаев.Тоқаевтың айтуынша, Астананың салынуы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең айтулы оқиғалардың біріне айналды.
«Өздеріңіз білесіздер, астананы көшіру туралы шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Үлкен көлемдегі жұмыстар атқарылды. Экономика құлдырап, адамдар нарықтық қатынастарға дайын болмаған бұл кезең ел үшін өте қиын болды. Осындай қиын-қыстау кезеңде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады», - деді Мемлекет басшысы.Ресми түрде Ақмола 1997 жылы 10 желтоқсанда еліміздің бас қаласы болды. 25 жыл бұрын – 1998 жылы 6 мамырда Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Елорданы көшіру бастамасы геосаяси тұрғыдан дұрыс қадам болғаны сөзсіз», - деді Тоқаев.
«Бұл халқымыздың болашағын айқындап берген маңызды және тарихи дер кезінде қабылданған шешім болды. Тұңғыш президенттің бұл бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Әрине, бұл біздің ұлттық мүддемізге толық жауап береді».Сондай-ақ Тоқаев Астананың келбетін қалыптастыруға Кишо Курокава, Норман Фостер, Ренато Арсетти, Манфреди Николетти сияқты әлемге әйгілі сәулетшілер үлес қосқанын еске салды.