«Хохолдар сияқты секіре бастады»: қазақтарды қорлағандардың үстінен іс қозғалды
«Хохолдар сияқты секіре бастады»: қазақтарды қорлағандардың үстінен іс қозғалды
Қазақтарды қорлаған қарағандылық ер мен әйел адамның үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қарағанды облысының полиция департаменті 24 маусымда бейтаныс адаммен чат-рулеткадағы әңгіме барысында қазақтарды қорлайтын сөз айтқан 45 жастағы сатушыға қатысты алауыздық туғызу туралы қылмыстық іс қозғады.
Ulysmedia.kz жазуынша, видеода ер адам мен әйел Қарағандыны "орыстың қаласы" деген. Сатушы әйел өз пікірін ортаға салып, қазақтардан "жалыққанын" айтады.
"Олар "хохалдар" сияқты секіре бастады! Кімге секіріп жүргендерін білмейді. Ақшаға сатылған, ұлтшылдар. Міне, мен дүкенде жұмыс істеймін. Олар дүкенге келеді де, орыс екенімді көре тұра, менімен қазақша сөйлесе бастайды”, – дейді әйел.