Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты екі айға қамауға алынды
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты екі айға қамауға алынды
Экс-мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Taulik.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері оны пара алды деп күдіктенген болатын.
Тергеушілердің мәліметінше, адвокат Мұхамедиұлының әйелінен оларды әрі қарай әділет органдарының қызметкерлеріне беру үшін 460 мың доллар көлемінде ақша алған.
«2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Төлеевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.