«Әуежайды басып алу ісі»: прокурор Әйгерім Тілеужанға 5 жыл жаза сұрады
«Әуежайды басып алу ісі»: прокурор Әйгерім Тілеужанға 5 жыл жаза сұрады
Ал Әйгерім Тілеужанның айтуынша, тағылған айып тек куәгерлердің сөздері негізінде жинақталған. Сондай-ақ журналист бұл істің істің саяси тапсырыс екенін айтып, дәлел ретінде бас прокурор Берік Асыловтың парламентте сөйлеген сөзін мысалға келтірді.
– Маған тағылған барлық айып тек ғана куәгерлердің сөздерінен құрылған. Олардың көпшілігі куәлікті қысыммен берген. Маған қатысты бірде-бір сараптама жоқ. Сараптама жасалған видео біздің шағымымыздан кейін істен алынып тасталды. Видеода менің әуежайда 19 минут жүргенім, ешнәрсені шағуға, халықты бір нәрсені ұрлауға, тонауға шақырмағаным белгілі. 12 куәгер бар. Олардың 10-ы өздеріне қысым жасалғанын айтты.
– Бас прокурор Берік Асылов мені және Қалас Нұрпейісовті Кәрім Мәсімовпен бірге атап, «Экстремистер Алматы әуежайын басып алмақ болды» деп бірқатар заңсыздық жасап, жалған ақпарат таратты. Мен ешқандай діни-экстремистік ұйымның мүшесі емеспін. Біз осыған байланысты ҰҚК мен прокуратураға сауал жолдап, жауап алдық. Ол менің абыройыма нұқсан келтіретін ақпарат таратты. Сонымен қатар кінәсіздік презумпциясын бұзды. Яғни сот болмай жатып, бізді айыптап, соттап жіберді. Әу, баста бұл саяси тапсырыс болған. Бұл елге біз мен сияқты журналист, Қалас Нұрпейісов сияқты мұғалім, мына жігіттер сияқты патриоттар керек емес болып тұр, – деді ол.
"Өтіріктің құйрығы бір тұтам. Заман өзгерді, халықты алдай алмайсыздар. Ал белсенділерді біреудің айтағымен, біреудің жалдауымен жүреді деп ойлау - құлдық сана. Өзінің жеке пікірі жоқ, ойлау, шешім қабылдау еркіндігі жоқ, өмір бойы біреуге бағынышты болған адамдар басқаларды да солай деп ойлайды. Соңында айтарым, ақты ақ, қараны қара деп айту үшін біреу артында дем беріп тұр деп ойлау надандық. Бұл паранойя. Кейде абақтыда отырған біздің жігіттер емес, сіздер ме деп қаламын. Ішкі бостандығы жоқ адам - шынжырға байланған ит сияқты емес пе? Ал мен сол баяғысынша өзімді, халықты толғандыратын мəселелермен митингтерге шыға беруді жалғастырамын. Саяси тұтқындарды қолдауды жалғастырамын. Саяси-қоғамдық өмірге араласуды жалғастырамын,"-деп қорытындылады ол.