Психологиялық тест: сіздің көзіңіздің түсі қандай?
Психологиялық тест: сіздің көзіңіздің түсі қандай?
Алдыңызда тұрған адамның қандай жан екенін сөйлеген сөзінен және көзінен тануға болады.
Көздің түсіне қарап адамның мінезін қалай анықтауға болады, бұл туралы Taulik.kz Turkstan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қоңыр көз – сезімтал, ақылды әрі тартымды келеді. Олар тез ренжіп, артынша жылдам ұмытып кетеді. Қоңыр көзділер ашық-жарқын, кез келген адаммен жылдам тіл табыса алады.
Сұр көз – шешімді тез қабылдайтын жандар. Қиындыққа тап болса, қашпай, бірден шешімін табуға тырысады. Тек өз ақылына ғана сенеді. Бұл адамдардың махаббат пен мансапта да жолы болады.
Көк көз – өте эмоционалды, сезімтал, романтик адамдар. Олар серігіне ес-түссіз ғашық болады. Сондай-ақ өзіне дәл солай ғашық ете алады. Өте әділ келеді. Бойларында тәкаппарлық кездеседі.
Жасыл көз – нағыз нәзік жандар. Адал, шын сүйе білетін адамдар. Достықты ерекше бағалайды. Жақындарына өте мейірімді, дұшпандарына қатты мінезін көрсете біледі. Өзгені тыңдап, жақса кеңес бере алады. Кез келген істі мінсіз етіп орындайды.