Допинг қолданған қазақстандық боксшылар 3 жылға спорттан шеттетілді
Допинг қолданған қазақстандық боксшылар 3 жылға спорттан шеттетілді
Әуесқой бокстан Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік допинг қолдануына байланысты алдағы 3 жылға спорттан шеттетілді деп хабарлады Taulik.kz kaznadc.kz сайтына сілтеме жасап.
Абзал Серік – 20 жастағы талантты спортшы 2022 жылы «Elorda Cup» турнирінде 67 келі салмаққа ауысып, финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовты 4:1 есебімен жеңді. Биыл 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Жастар арасында Азия чемпионы.
Саматәлі Төлтаев – 60 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022), жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионы.