Жаңалықтар

«Енді ешқашан боқтамаймын» – Мұрат Әбділда бостандыққа шығуы мүмкін

«Енді ешқашан боқтамаймын» – Мұрат Әбділда бостандыққа шығуы мүмкін

Даулы жазбаларымен, әндерімен танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділда мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін, деп хабарлайды  Taulik.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылы ол әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұрат Әбділдә Шымкенттегі 167/3 колониясында жазасын өтеп жатыр. Оның сөзінше, уақытын босқа өткізбейді, шығармашылықпен айналысады, ән айтады және махаббат туралы әндер жазады. Ал сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені екі айдан кейін қарайды.
"Қазір шығармашылықпен айналысып жатырмын. Түрлі іс-шараларда ән айтамын. Шығармашылықты тастаған жоқпын, осы уақыт ішінде 50 ән жаздым, олардың барлығы жеке әндерім, плагиат емес, махаббат туралы әндер. Осы жерден шыққан кезде оларды міндетті түрде орындаймын. Еркіндікке ештеңе жетпейді. Енді ешқашан балағаттамаймын. Өз кінәмді түсіндім, шынымен кінәлі екенімді түсіндім. Сот шешімін күтемін. Сот пен прокурорлар маған мүмкіндік береді деп үміттенемін. Анама оралғым келеді», – дейді Мұрат Әбділда.