Жапон дәрігері холестерин деңгейін төмендететін көкөністерді атады
Жапон дәрігері холестерин деңгейін төмендететін көкөністерді атады
Жапондық диетолог ағзадағы «жаман» холестерин деңгейін төмендетуге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Маманның айтуынша, әрбір көкөністе ең күшті антиоксиданттық қосылыстардың көптеген түрлері бар. Олардың бірі - капсантин. Ол қызыл бұрыш пен чили бұрышының түсіне жауап береді.
Дәрігердің айтуынша, бұл антиоксидант өте мықты. Себебі: капсантин ағзадағы «жақсы» холестерин деңгейін арттырады және «жаман» холестеринмен күреседі.
Масахиро Ивасаки қызыл болгар бұрышы адамның ағзасы үшін ең пайдалы деп санайды.
"Қызыл бұрыштың құрамында С дәруменінің көп мөлшері бар. Сондай-ақ құрамындағы В дәрумені лимоннан екі есе көп. Бұл факт жоғары холестеринмен күресуге де көмектеседі",-деді ол.