«Генералдың атағы 1 миллион доллар тұратын» – Серік Әбдірахманов
«Генералдың атағы 1 миллион доллар тұратын» – Серік Әбдірахманов
Мемлекет және қоғам қайраткері, экс-депутат Серік Әбдірахманов елімізде шенді лауазымдар сатылатынын жайып салды, деп хабарлайды Taulik.kz kazbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында барлық қызмет орны саудаланатынын айтты.
"Қазақстанды кім тонады? Әкімдер тонады, министрлер тонады. Генералдардың бәрі миллардер. Санаулы генералдар ғана қызметіне адал әрі таза. Қалғандарының бәрі бай. Назарбаевтың кезінде генералдың атағы 1 миллион доллар тұратын. Қазір әжептеуір хабары бар, осы салаға жақын жүргендер «генералдың бағасы 3 миллион долларға көтеріліпті» дейді. Барлық қызмет орны сатылады. Өте бай, май шелпекке бататындар – әкімдер. Атырау мен Ақтөбеде 3 миллион долларға броньдап баратын, қазір енді 5 миллионға баратын шығар",- деді экс-депутат.