Жаңалықтар

Журналист Әйгерім Тілеужан «Алматы әуежайын басып алғаны үшін» 4 жылға сотталды

Журналист Әйгерім Тілеужан «Алматы әуежайын басып алғаны үшін» 4 жылға сотталды

Сот Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталушыларды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Taulik.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. Журналист және қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужан кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша басқа айыпталушылар – Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жан-Айдар Кәрменов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, айыптаушы тарап Тілеужанованы бес жылға, ал қалған айыпталушыларды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл ретте сотталушылардың өздері де кінәсіздігін алға тартты. Еске салайық, 2022 жылдың қазан айында Әйгерім Тілеужан Алматы әуежайындағы қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты күдіктіге айналғанын мәлімдеген болатын. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-баптың 1-бөлігімен (шетелден алынған қаражатты пайдалана отырып, зорлық-зомбылықпен, қырғынмен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұштасқан тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) бойынша айып тағылды. 2023 жылдың сәуір айының басында Тілеужан бұл істі саяси астары бар деп атады.