Жаңалықтар

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ұсталды

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ұсталды

Талдықорғандағы Бауыржан Ізбасаровтың саяжайынан ірі көлемдегі ақша табылды, деп хабарлайды Taulik.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаровтың Астанада ұсталғанын растады. Басқа ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Orda.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, оның Талдықорғандағы саяжайында тінту кезінде қомақты қаржы табылған. Ізбасаров мемлекеттік органдарда 20 жылдан астам – 2002 жылдан бері қызмет етті. Еңбек жолын мемлекеттік өртке қарсы қадағалау инспекторы болып бастады. Осы жылдар ішінде әртүрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Атап айтсақ, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімін басқарып, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Ізбасаров 2022 жылдың тамызында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып тағайындалған болатын.