Құжатсыз үйдің құрбандары: тышқан мен егеуқұйрық қаптады
Құжатсыз үйдің құрбандары: тышқан мен егеуқұйрық қаптады
Астанадағы "Жағалау-4" тұрғындары құжатсыз үйлерінің жағдайына шағымдарын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Тұрғындардың айтуынша, былтыр үлескерлерге үйдің кілті Астана күні қарсаңында салтанатты түрде табысталған. Алайда пәтердің кілті берілгенімен, әлі күнге дейін үйдің бірде-бір құжаты жоқ.
halyq-uni.kz жазуынша, тек қабырғасы мен терезесі бар үйге кірген тұрғындар пәтер жөндеуге шығындалған. Көбі несие үстіне тағы несие алған. Бірақ, құжаты берілмеген үйдің тұрғындары әртүрлі коммуналдық қызмет үшін ақша төлеп отыр.
Үлескер Жания Есімханқызының айтуынша, 2022-жылдың 6 шілдесінен бері үйдің құжаты жоқ, үйдің заңды иесі болмаса да тұрғындарға салық департаментінен әлі күнге дейін салық түсімі келіп жатыр. "Бұл әрине ақылға қонымсыз",- деді ол.
Мәселе тек мұнда емес, тұрғындардың өздері айтқандай: "Үйдің сырты бүтін, іші түтін"." Жаңбыр жауса, үйдің ішіне су ағады, лифт бірде істеп, бірде істен шығады. Пәтердің терезелері мен есіктері де сапасыз. Ал, подъезде тышқан мен егеуқұйрық өріп жүр". "Жағалау-4" тұрғындары жанайқайын жеткізу үшін әкімдікке де барған. Жауапсыз қайтқан. Құрылысқа жауапты "Елорда құрылыс" компаниясы да тұрғындарды "ертең" деген уәдемен алдап келген.