БҚО-да азамат соғысынан қалған снаряд табылды
БҚО-да азамат соғысынан қалған снаряд табылды
Саперлер снарядты жойды, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында артиллериялық снаряд табылды. Снаряд 19 шілдеде Бәйтерек ауданы Щапов ауылынан анықталған.
«Сағат 12.30-да Байқоңыр көшесі, 13 мекенжайында "Отдел Строй" ЖШС маңында 47 жастағы тұрғын жер қазып жатқан кезде екі метр тереңдіктен артиллериялық снаряд тауып алған. Снарядтың диаметрі – 76 мм, ұзындығы – 320 мм. Сағат 15.35-те барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып БҚО ПД саперлары снарядты жойды"», – делінген хабарламада.