26 шілдеде 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты сот процесі басталады
26 шілдеде 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты сот процесі басталады
26 шілдеде Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты сот процесі басталады, деп хабарлайды Taulik.kz.
ҚР Бас әскери прокуратурасының мәліметінше, 26 шілде күні 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманға қатысты сот процесі басталады. Іс сотта жабық есік жағдайында қаралады.
Қаңтар кезінде Айдос Мелдеханның балалары отырған көлікті әскерилер атқылаған. Оқиға кезінде оның 16 жастағы қызы жараланып, 4 жасар Айкөркем қайтыс болды, ал 8 жасар ұлы психологиялық шок алған.
13-шілде күні қыздың ата-анасы рұқсат етілмеген Айкөркем Мелдеханның ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті.