Жаңалықтар

Елордада түнде жүретін автобустар іске қосыла ма

Елордада түнде жүретін автобустар іске қосыла ма

«№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев қалада түнде жүретін автобус бағдарлары тиімсіз екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Біз City Transportation Systems көлік компаниясымен, көлік басқармасымен бірлесе автобус бағдарларына қатысты мәселелерді пысықтаймыз. Бұл тұрғыда автобус паркі қызмет көрсететін барлық бағдарды, сондай-ақ жолаушылар ағынын қарастырамыз. Қазіргі кезде түнгі автобустарды іске қосу тиімді болмайды деп санаймыз. Өйткені олар пайда әкелмейді, жолаушылар аз болады. Мұндай түнгі автобустар бізді шығынға батырады», - деді М. Шақаев Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Медет Шақаев Астанада автобусқа отыратын жолаушылардың жартысы жол ақысын төлемейтінін айтты.