Жаңалықтар

Желідегілер Magnum сауда желісіне бойкот жариялауды ұсынды

Желідегілер Magnum сауда желісіне бойкот жариялауды ұсынды

Еліміздің бірнеше өңірінде азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Әсіресе күнделікті тұтынатын әлеуметтік азық-түліктің қымбаттауына жергілікті халық дабыл қағуда. Сондықтан жергілікті сауда желілерінде бағаны тұрақтандыру мониторингтері жүргізу өте маңызды, деп хабарлайды Taulik.kz. Айталық бірнеше күн бұрын алматылық тұрғын Instagram желісіндегі парақшасына «Magnum Cash&Carry» сауда желісі мен шағын тұрмыстық-химия заттар дүкеніндегі бағаларды салыстырып, бағаның алшақтығына пікір білдірді.
««Ушастый Нянь» кір жуатын ұнтағы Розыбакиева Қарасай батыр көшесіндегі сауда кешенінде 1109 тг тұрса, бұл магнумнен 200 метр жердегі тұрмыстық-химия заттар сататын дүкен аталған ұнтақ 650 тг тұрады. 459 тг арзан. Бұл ұнтақты кішкентай дүкен жеткізушіден сатып алып, өзінің пайызын қосып 650 тг-ге сатуда. Magnum жеткізушілерге өте арзанға сататын мегасупер көтерме сауда желісі және шағын тұрмыстық заттар сататын дүкендерден қарағанда арзанға сата алады.  Бірақ олар 2 есе қымбатқа сатады. Бұл қоспаны көбінесе балалалы адамдар сатып алады, себебі ол аллергияға қарсы, иісі қатты шықпайды. Magnum ұнтақты басқа тауарлар сияқты танымал екенін жақсы түсінеді,»- деді ол.
Ал желідегі оқырмандар болса «Мен соңғы алты ай бойы Магнумға барған жоқпын. Онда қымбат екенін түсіндім», «Мен ол жаққа көп бармаймын. Олар адамдарды алдайды. Сөреде басқа баға, таразыда өлшеп көрсең, мүлде басқа баға. Неліктен?», «Бойкот жариялауды ұсынамын» деп пікірлерін жаудырды. Дегенмен Magnum командасы елімізде импорт пен контрафактілік өнімдердің үлесі жоғары екендігін негізге алып, тауардың бағасы тікелей жеткізушілерге тәуелді болғандықтан өзгеріске ұшырайтынын айтты.
«Сәлеметсіз бе! Сіз бұл ақпаратты барлық мүмкін арналарда белсенді түрде жариялап жатқаныңызды көрдік. Біз де жауабымызды қайталаймыз, бірақ бұл авторды қызықтырмауы мүмкін екенін түсінеміз. Баға мәселелерінде біз жеткізушіге тәуелдіміз, өйткені әртүрлі факторларға байланысты сатып алу бағалары өзгеріске ұшырайды. Біздің елімізде сұр импорт пен контрафактілік өнімдердің едәуір мөлшері бар екенін атап өткен жөн. Кейбір заттарды айтарлықтай төмен бағамен сатып алуға болады, бірақ бұл жалған болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар сіздің түсіріліміңіздің қай санынан екені белгісіз, себебі ұнтақтың құны қазіргі уақытта 727 теңгені құрайды, бірақ өткен аптадан бастап жеңілдікпен бағасы 645 теңге»,- деп жауап берді видео авторына.