Солтүстік Корея тағы да әскери әлеуетімен мақтана бастады
Солтүстік Корея тағы да әскери әлеуетімен мақтана бастады
Солтүстік Корея 1953 жылы 27 шілдеде Корей соғысының аяқталуының мерейтойын еске алу үшін жаппай мерекелер мен әскери парад өткізді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Пхеньяндағы мерекеге Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу бастаған ресейлік делегация қатысты.
Парад барысында КХДР билігі дәстүрлі түрде БҰҰ тыйым салған соңғы әскери және барлау ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен құрлықаралық баллистикалық зымырандарды көрсетті.
Бір қызығы, бұған дейін Ресейдің өзі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ким Чен Ын мақтанған зымырандарға тыйым салуға дауыс берген болатын.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның әскери әлеуеті жыл сайын артып, елдің ядролық қарсы шабуылға дайындығы артып келе жатқанын айтты.